ШҚО-да зергерді тонады деген күдікпен студенттер ұсталды

None
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Риддер қаласының полиция қызметкерлерімен ізі суымай 34 жастағы зергердің тоналуы ашылды.

«Жәбірленушінің үйінің жанында түнгі сағат 22.00 шамасында бөтен үш адам зергерге шабуылдады, ұрып-соғып, ақшасы бар кішкене сөмкесін, қалта компьютерін, алтын бұйымдарын ашық түрде жымқырып, оқиға болған жерден тайып тұрды. Жәбірленуші бас  және мұрыны жарақаттанып.қалалық ауруханаға түсті», -делінген ҚР ІІМ мәліметтерінде.

Бірнеше уақыттан соң ұрлықшылар ұсталды. Олардың екеуі политехникалық жоғары оқу орнының 3 курс студенттері болып шықты. Қазір оңай пайда табушылар тергеу абақтысында. Жедел уәкілдер олардың басқа да осыдай қылмысқа қатыстылығын анықтауда, ұрлыққа қатысы бар үшінші адамға іздестіру ұйымдастырылды.