ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бородулиха аудандық полиция бөліміне келген 73 жастағы зейнеткер ақшасы ұрланғанын айтып, арыз түсірген. Келтірілген шығын мөлшері 800 мың теңгені құрады.
«Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні қолға түсірді. Бұл - жәбірленушінің 37 жастағы жұмыссыз көршісі болып шықты. Ол қылмысын мойындап отыр», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Полицейлер зейнеткерге ақшаның бір бөлігін ғана қайтарып бере алған. Себебі күдікті қаражаттың біразын жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.
Қазіргі уақытта 37 жастағы ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.