ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына Глубокое ауданы Предгорное ауылында тұратын 72 жастағы қария жүгінді. Өз сөзінде ол үйіндегі жатын бөлмесінде тұрған сейфтің құлпын бұзған ұрының 3 500 000 миллион теңгесін қолды қылғанын жеткізді.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. 34 жастағы жергілікті тұрғын қазіргі уақытта қолхатпен босатылған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ақпаратта.
Күдікті кінәсі дәлелденген жағдайда 2-ден 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.