«Жануарлар әлемі үшін қыс мезгілі келгеннен кейін ерекше уақыт басталады. Олардың санын сақтап қалу үшін биотехникалық шаралар жүргізу қажет. Резерватта бұтақты азық, пішен дайындаудан бастап науа, жаппа құруға дейінгі кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Жаз уақытында - суат. Мұның барлығы да резерват аумағындағы биоалуантүрлілікті сақтап қалуға мүмкіндік береді», - деді «Семей орман» МОТР табиғи кешендерді күзету қызметінің бөлім бастығы Александр Вершинин.
Қазіргі уақытта резерват аумағына фотоқақпандарды орнату басталып та кеткен. Олардың көмегімен орманшылар жабайы аңдардың санын бақылауға алып, есептеп отыратын болады. Мұндай қақпандар науаларға жақын орнатылады.
«Жарты сағаттың ішінде 3 елікті кезіктірдік. Ал қоректендіру алаңында қабан үйірін суретке түсіріп алуға мүмкіндік туды. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отырып, »Семей орманы« резерватының аумағында аңшылыққа тыйым салынғандығын айтқым келеді. Осынау ережені елемейтіндерге қолданылатын санкциялар өте қатаң», - деп атап өтеді ол.
Естеріңізге сала кетейік, заңсыз аңшылық пен браконьерлік жасайтындарға әкімшілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.