19 мамыр күні полицейлер жүргізушіні ұстап, оның көлігіне 2,2 млн теңге айыппұл салынғанын анықтаған болатын. Ол 46 рет жол ережесін бұзған.
Ведомства баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 мамыр әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 29 жастағы тұрғынды ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және бір жыл көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолдансын деп шешім шығарды.