ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұрын сотты болған 43 жастағы ер адам вакцина паспортын қолдан жасап, 5 мың теңгеден сатқан.
«Екпе алғысы келмеген азаматтар жалған паспорт жасату үшін оған жеке куәліктерін беріп, банктегі есепшотына сұраған ақшасын жіберген. Алаяқ компьютердегі арнайы қосымшаның және фотошоптың көмегімен вакцина паспорттарын жасады», - дейді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 385 (жалған құжат жасау) және 190-баптары (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде 15 мың теңгеге вакцина паспортын сатқан медицина мамандары ұсталған болатын.