Төтенше жағдайлар министрлігінен жеткен мәліметке сенсек, от 16 сағат 16 минутта сөндірілген.
Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалын шарпыған аумақ - 80 шаршы метр.
1974 және 1975 жылы туған екі адамды термиялық күйік шалды. Олар осы стансада жұмыс істейді.
Қызметкерлер қазір ауруханада жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО-да жанармай стансасында жарылыс болғанын хабарлаған едік.
Бүгін, 22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясындағы жарылыстың арты өртке ұласып, 5 техника өртеніп кетті.
Сағат 14:44-те жалын оқшауланды.