ШҚО-да жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған 7 әскери қайта сапқа тұрды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған 7 әскери қайта сапқа тұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер бойынша жалпы саны 19 жауынгер жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алған.

«Оның 11-і Семейдегі 5511 әскери бөлімде, 7-сі Өскемендегі 6699 әскери бөлімде және біреуі осы қаладағы 3477 әскери бөлімде қызмет етеді. Қазіргі таңда жараланған әскерилердің жетеуі қайта сапқа тұрып, жауынгерлік қызметіне кірісті. Қалғаны түрлі ем-дом қабылдап жатыр», - деп хабарлады өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында елде болған бүлік кезінде 70-ке жуық әскери қызметкердің зардап шеккені хабарланған.



Соңғы жаңалықтар