ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жаппай тәртіпсіздік салдарынан қаза тапқандардың рухына тағзым етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өкінішке қарай Қазақстанда қоғамдық тәртіп пен еліміздің конституциялық заңдарын сақтау барысында қылмыскерлердің қолынан 16 әскери қызметкер көз жұмды. Қаза тапқандар соңғы демі қалғанша өз Отан алдындағы анттарына адалдық танытты. Шығыс Қазақстан
облысында қазақ тапқандарды еске алуға арналған акция өткізілді», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының дерегінше, тәртіпсіздік кезінде облыс бойынша 19 сарбаз жарақат алған. Оның сегізі – Өскеменде, 11-і Семейде.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.