ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«24 қаңтар сағат 11.00-ден бастап «Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын – Катонқарағай - Рахман қайнары» тасжолының 7-66 шақырымы аралығында барлық көлік түрлері үшін жол жабылды. Бұл аумақта құтқарушылар қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстарын жүргізуде» - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да екі рет қар көшкіні жүрген болатын.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.