ШҚО-да жасанды жолмен түсірілген қар көшкіні тасжолды басып қалды

ӨСКЕМЕН.ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен түсірілген қар көшкіні тасжолды басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 желтоқсанда сағат 11.00-де қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 132 шақырымда көлік қозғалысы шектелді», - деп мәлім етті ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат Калетаев.

Қар көшкінін түсіру жұмыстарын «Казселезащита» филиалы жүргізуде. Осы ретте, департамент гидрометеорологиялық жағдайға байланысты тұрғындарға қар басқан тау бөктерінде шаңғы теуіп, серуендеуге шықпауға кеңес береді.