Бұл жайлы ШҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Тимур Дидахметов мәлімдеді.
«Маусым айының басынан бері 11 адам суға батқан. Оның ішінде 1 бала бар. Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік жоспары әзірленген. Соның аясында шомылу маусымы басталғалы бері 252 рейд жүргізілді. Нәтижесінде заңбұзушылыққа жол берген 5 адам жауапкершілікке тартылды», - дейді ол.
Оның айтуынша, Үржар ауданындағы Алакөл жағалауында құтқарушылар бекеті құрылды. Ондағы мамандар барлық қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, өңірде суға түсуге рұқсат берілген 180 жағажай бар.