ШҚО Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде балабақшалардың басым бөлігі жаз кезінде жұмысын жалғастырады. Бірнеше жылдан бері жұмыс істейтін ата-аналар осы уақытта баласын қайда жіберерін білмей қиналатын еді.
Биыл облыста маусым-тамыз айлары аралығында 100-ден астам балабақша жұмыс істейді. Қазір мектепке дейінгі мекемелерде кезекші топтар құрылып жатыр. Олар ата-анасы жұмыс істейтін балаларды қабылдайды.
«Маусым айында 17829 баланы қабылдайтын 169 балабақша, шілдеде 12944 орынға есептелген 122 балабақша, тамыз айында 12321 балаға арналған 114 балабақша жұмыс істейді», - дейді басқарма басшысының орынбасары Динара Шаухина.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында бүгінде барлығы 203 балабақша мен 190 шағын орталық бар. 3 пен 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен толықтай қамтылған.