ШҚО-да «жазаны жеңілдетемін» деп пара алған Антикор қызметкері ұсталды

Фото: Павлодар облысы соты

АСТАНА. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі пара алған.

— Агенттіктің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі әшкереленді. Ол өзі тергеп жатқан қылмыстық іс квалификациясының ауырлығын жеңілдету үшін процеске қатысушыдан пара алды. Қазір соттың санкциясымен тергеуші қамауға алынды, пара беруші де қылмыстық жауапкершілікке тартылады, — деді Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

— Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп ескертті Антикор өкілі.

Сондай-ақ брифинг барысында Түркістан облысы Жер ресурстары департаментінің басшысы пара алды деп күдікке ілінгені айтылды

Одан бөлек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сотталған экс-вице-министр Сәкен Мұсайбековтің жаңа қызметке тағайындалуына қатысты түсінік берді