ШҚО-да жазда алған көмірлер өздігінен тұтанып жатыр

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында бір аптаның ішінде 7 үйде көмір өздігінен тұтанған. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық Nөтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«7 жағдайдыңалтауында өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтай алды. АлБелоусовка кентінде көмір қоймасы мен монша, электр бағаны отқа оранды. Зардапшегушілер Майкүбінің қоңыр көмірін маусым басында сатып алғандарын айтып отыр»,- делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Мамандардыңайтуынша, көмір өздігінен тұтану үшін біршама уақыт бойы үздіксіз тотығуықажет. Тотыққан көмірдің температурасы артып, соның салдарынан тұтанады.

«Бұл көмірдідұрыстап өндірмеуден немесе дұрыс сақтамаудан болатын құбылыс. Көмір сатып аларкезде сатушыдан сапа сертификатын талап ету қажет. Көмірді қоймаға түсіреркезде астына қатты төсеніш тастау керек. Қоймадағы температураны бақылапотырған абзал», - делінген департаменттің ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар