«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметіне сүйенсек, маусым айының басында өңірде түнде үсік жүруі әлі де сақталып, ауа температурасы минус 1-6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
– Кейін күн біртіндеп жылына бастайды: түнде 8… 13°С, күндіз 24… 29°С болады. Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы одан әрі көтеріліп, күндіз аптап ыстық 32… 37°С-қа дейін жетеді, - делінген ақпаратта.
Кейін температура сәл төмендейді. Нақты айтқанда, түнде 10… 15°С, күндіз 26… 31°С шамасында болады.
– 20-30 маусым аралығында ауа температурасы құбылмалы болады. Түнде 10… 15°С-тан 18… 23°С-қа дейін, күндіз 26… 31°С пен 32… 37°С аралығында болады. Қысқа жаңбыр бірінші онкүндікте, екінші онкүндіктің ортасы мен соңында, үшінші онкүндікте жиі жауады, - делінген хабарламада.
Кей кездері жаңбырмен бірге найзағай соғады. Ай соңында бұршақ жаууы да ықтимал.
Еске салсақ, осыған дейін биыл көктемгі дала жұмыстары кезеңінде күн райы қаншалықты қолайлы болатыны хабарланған.