Жалпыоблыс бойынша 26 жазғы лагерь жұмыс істейді. Биыл соның 18-і өртке қарсы тексеруден өтуі тиіс. Тізімге екі жыл қатарынан өрт қауіпсіздігін мінсіз сақтаған 6 лагерь, шағын бизнес нысаны ретінде қадағалаудан босатылған екі лагерь кірмеген.
«Жоспардағы 18 лагерьдің төртеуі тексерілді. Электр қондырғыларын қауіпсіздік ережесіне сай тұтынбау бойынша 15 заң бұзушылық анықталды. Сол үшін 2 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мекеме басшыларына ескерту жасалды», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің тәуекелдерді төмендету және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы.