Сергей Потаниннің айтуынша, халықтың сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне сенімі арта бастаған.
«Тұрғындардан жемқорлық фактілері туралы хабарламалар мен арыз-шағымдардың жиі түсуі біздің қызметімізге деген сенімнің артқанын көрсетеді. 2018 жылдың алғашқы 3 айында арнайы комиссия құнды ақпарат ұсынған 6 адамды материалдық тұрғыдан ынталандыру мәселесін талқылаған болатын. Нәтижесінде оларға 456,9 мың теңге сыйақы төленді» - деді департамент басшысы.
Жалпы, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан бойынша 54 жемқорлық қылмысы тіркелген. Оның ішінде 32 қылмыс пара алу бойынша, 10 қылмыс бөтеннің мүлкіне қол салу бойынша, 6 қылмыс алаяқтық бойынша қозғалған. Осы істерге қатысы бар 38 адам жауапқа тартылған.