ШҚО-да жемқорлықпен күрес күніне орай «Парасаттылық студиясы» ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Парасаттылық студиясы» жобасының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парасаттылық студиясының» алғашқы қонағы - экономика ғылымдарының докторы, профессор Юрий Баталов болды. Бағдарламада парасаттылық, ұлттық құндылық, адалдық, білім саласындағы және жастар арасындағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыптары аясында кеңінен сөз қозғалды.

«Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Қазіргі буынның да өзіндік артықшылықтары аз емес. Студенттердің біразы бірнеше тіл мен техниканы жетік меңгерген. Игі істерге араласып, болашаққа сенімді қадам басуда», - деді ғалым.

Айта кетейік, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бірігіп, іс-шаралар атқаруда.

«Парасат студиясы» бағдарламасының толық нұсқасы университеттің YouTube каналында және әлеуметтік желілерге жарияланды.