Қайғылы оқиға Таскескен мен Үржар ауылдарының арасында 13 тамыз күні кешкі сағат 21:00-22:00 аралығынада тіркелген.
«Үржар ауылына бара жатқан «Тойота марк 2» жеңіл автокөлігі алдында келе жатқан тіркемесі бар тракторды озбақ болған. Алайда жеңіл автокөлік қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, трактордың тіркемесіне соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 1985 жылғы жүргізушісі мен 1942 жылғы жолаушысы алған жарақаттардан оқиға орнында мерт болды», - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы Бақытжан Торғаев.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінен сондай-ақ, «Тойота марк 2» автокөлігінің тағы үш жолаушысы әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Іс бойынша сараптамалар тағайындалып, жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр.