РИДДЕР. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 12 қазан күні Риддердегі Жетінші шағынауданында болған.
«Mitsubishi» маркалы автокөлік жүргізушісі Мичурин көшесімен келе жатып, солға бұрылған кезде мотоциклге жол бермеген. Соның салдарынан 28 жастағы мотоциклші сол жерде тіл тартпай кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.