«Өскемен ІІБ Үлбі полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі бірнеше рет сотталған 32 жастағы Б. Махмұтқа қатысты қылмыстық істі тергеуде. Оған ҚР ҚК 190-бабында көзделген бірқатар қылмыстарды жасады деген айып тағылуда. Полицияға оның алаяқтық әрекеті құрбаны болған Тарбағатай ауданының 6 тұрғыны жүгінген», - деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі.
Алаяқ өзін Әрсен деп таныстырып, өзінің клиенттеріне жеңілдікпен пәтер алуға көмек көрсететіндігін айтқан. Ол үшін алдын ала 300 мың теңге бастапқы жарна төлеу шартын қойған. Ақшаны алған күдікті жақын арада пәтерге ордер алатындығын айтып, ізін суытқан.
Айта кетейік, полиция өкілдері алаяқтық әрекеттерден зардап шеккендер санының бұдан да көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.