ШҚО-да Жеңіс күніне орай 17 ардагерге қанша теңгеден берілетіні белгілі болды
Шығыс Қазақстан облысында Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен тыл ардагерлеріне жыл сайын Жеңіс күні мерекесіне орай әлеуметтік көмек беріледі. Биыл бұл мақсатта 532 млн 220 мың теңге қарастырылған. Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл соғыс ардагерлері 1,5 млн теңге алады.
- Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне (17 адам) - 1,5 млн теңгеден, марапатталған тыл еңбеккерлеріне, қоршауда қалғандар, тұтқындар мен соғыс ардагерлерінің жесірлеріне (429 адам) - 100 мың теңгеден, марапатталмаған тыл еңбеккерлеріне (6267) - 50 мың теңгеден беріледі, - дейді басқарма басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов.
Айта кетейік, жалпы облыс бойынша соғыс ардагерлері атында 203 көше мен 16 нысан бар.