ШҚО-да жер қойнауын заңсыз пайдалану ісі әшкереленді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі анықталды.
Заңбұзушылықты облыстық экология департаментінің мамандары полициямен бірлесіп Марқакөл ауданындағы Шаңдыбұлақ-9 учаскесінде жүргізген тексеру барысында анықтады.
— Тексеру барысында ҚР Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды. Тергеу нәтижесінде «Алтай-2024» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ҚР ӘҚБтК-нің 328 және 332-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті.
Іс сотқа жіберілді. Ведомство мұндай оқиғалардың жүйелі түрде бақыланатынын атап өтті.
— Біз табиғатты қорғау ережелерін сақтау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ерекше көңіл бөлеміз. Әрбір құқық бұзушылық қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін заң жүзінде тексеріледі, — деп атап өтті экологтер.
Айта кетейік, Марқакөл ауданында бұған дейін бағалы металдарды заңсыз өндірген 19 шетелдік ұсталған болатын.