ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында жер үйде иіс тиген 49 жастағы ер адам көз жұмды.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ұлан ауданы Донское ауылында болған.
Жеке тұрғын үйде иіс тиген 49 жастағы адамның денесі табылды. Сонымен қатар 32 жастағы тағы бір азамат улану белгілерімен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.
«Белгілі болғандай, жер үйде бір күн бұрын пеш жағылып, содан кейін пеш мұржасының жапқышы жабылып тасталған. Соның салдарынан көміртегі тотығы үй ішіне таралған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.