ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында жер үйге кіріп кетіп адамды тістеп алған қасқырдан құтыру ауруы анықталды.
Еске салсақ, оқиға 28 сәуірде Алтай ауданы Быково ауылында болған.
Қасқыр есігі ашық тұрған жер үйге кіріп кеткен. Түз тағысы адам мен екі итті тістеп алған. Кейін ауыл тұрғындары өз беттерімен жиналып, сол қасқырдың ізіне түсіп, көзін жойды. Содан соң қасқырдан патологиялық материалдар алынған.
«Сараптама қасқырдың құтыру ауруына шалдыққанын көрсетті. Зардап шеккен ер адам қазіргі уақытта емделіп жатыр. Оның ішінде оған екпе де салынды», - дейді Алтай ауданы бойынша аумақтық инспекцияның басшысы Ерзат Әміренов.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.