ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін «Алматы-Өскемен» тасжолында болған.
- Аягөз қаласынан 40 шақырым жерде Mercedes көлігі мен DAF маркалы жүк көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан Mercedes жүргізушісі көлікке қыстырылып қалған.
Оқиға орнына жедел түрде медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері мен құтқарушылар келіп жетті, - делінген ақпаратта.
Департамент қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен жүргізушіні алып шығып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. 1992 жылы туған ер адамның халі ауыр болған. Көп ұзамай құтқарушылар зардап шегушіні жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.