Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлайды.
Оқиға бүгін, яғни 31 тамыз күні таңертең сағат 8:30 шамасында Қалжыр - Күршім тас жолы аралығында тіркелген. Ведомстодан хабарлағандай, 1959 жылы дүниеге келген азамат «Ауди» көлігін жүргізіп келе жатып, көлігімен жол шетіне аударылып қалған. Жол-көлігі оқиғасының салдарынан жүргізуші қайтыс болған.
Қаза тапқан 58 жастағы ер адам Күршім ауданының Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болған.