ШҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты

Фото: None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды, тағы төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтайньюс сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 тамыз күні «Семей-Озерки» тасжолында болды. Қаладан шығаберістегі автожолдың екінші шақырымындаBMW-X5 көлігі аударылып қалған. Полицияның мәліметінше,жүргізуші қауіпсіз жылдамдықты сақтамаған. Салдарынан көліктің аударылуына жолберген.

Жол апатынанмашинада болған төрт адам, соның ішінде екі бала оқиға орнында мерт болды. Жүргізушімен өзге үш жолаушы (оның екеуі – балалар) медициналық мекемелерге жеткізілді»,- деп мәлім етті ШҚО Полиция департаментінен.

Факті бойынша ҚРҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша (Абайсызда екі және одан көп адамның өлімінеәкеліп соққан көлік құралын басқаратын тұлғаның жолда жүру ережесін бұзуы немесекөлік құралын пайдалануы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар