ШҚО-да жол-көлік апатында бес адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жеңіл машина мен «КамАЗ» жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан бес адам қаза тапты.

Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Оқиға бүгін, таңертеңгі сағат сегіз жарымда Таскескен-Бақты автожолының 142-шақырымында болды. «ВАЗ» машинасын басқарған 51 жастағы азамат пен оның төрт жолаушысы тілге келместен апат орнында көз жұмды.