ШҚО-да жол қозғалысын реттейтін 60 камера орнатылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында Өскемен мен Семей қалаларындағы жол қозғалысын реттеу мақсатында 60 радар-камера орнатылады. Әлеуетті инвестор ұсынған жоба облыстық әкімдікте өткен жиында қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Құрылғыны орнататын кәсіпорынның тәжірбесі бар. Ол бұған дейін республиканың бірнеше қалаларында осындай жабдықтар бойынша жұмыстар жүргізген. Жұмыс істеп тұрған видеобақылау жүйелері жақсы нәтиже көрсетуде. Шығыс Қазақстанда салынған қаражаттың жалпы сомасы 1, 836 млрд теңгені құрайды. Алдын ала алынған мәліметтерге қарағанда, жобаны іске асыру мерзімі он жылдан астам уақытқа белгіленген. Компания бақылау камерасын екі қалаға орнатып қана қоймай, оларға өз қаражаты есебінен қызмет көрсетеді», - делінген әкімдіктің баспасөз парағында.

Мұндай ынтымақтастық кәсорынға пайда табуға мүмкіндік береді, сондай-ақ MestaFusion жабдығы тіркеген жол қозғалысы ережесін бұзғандар төлеген айыппұлдан облыстық бюджетке қосымша қаражат түседі.

Аталған жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен ешқандай қаржы жұмсалмайды, керсінше 7 млрд теңгеге шамасында пайдаға кемеледі. Отырыста өңір әкімі Даниал Ахметов аталған жобаны  мақұлдады. Жоба жақын арада іске асырыла бастайды.