Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жол және көлік инфрақұрылымын жақсартуға ерекше көңіл бөлуде.
«Өңір бойынша 13 жаңа бағдаршам орнатылуда. Бұден бөлек, Өскемен қаласындағы 6 бағдаршамға « » белгісі бар қосымша секция қойылмақ», - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінің алдындағы қауіпті учаскелерде 450 метрлік дыбыстық жолақтар жасалып, 60 жарықдиодты белгілер орнатылды. Сондай-ақ 111 жасанды жол кедергілері жаңартылып, 33 000 шаршы метр жол таңбасы салынды.
Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын (Алматы-Өскемен, Омбы-Майқапшағай, Таскескен-Бақты) реконструкциялау бойынша ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Статистикаға сүйенсек, 2020 жылдың басынан бері облыста 417 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 50 адам көз жұмып, 603 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақат алды.
Жол апатының көбі жол ережесін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен орын алуда.