НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан аумағындағы жол учаскесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
«Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты 24 қараша күні сағат 16:00-ден бастап «Өскемен-Риддер-РФ шек.» автожолының 15-105 шақырымында, атап айтқанда, Белоусовка ауылы мен Риддер қаласы арасындағы учаскеде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді» делінген хабарламада.
Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.
Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.