Қазір өңірде ауа райы күрт нашарлап кетті. Ақтүтек боран мен көктайғақ әсіресе алыс жолға шыққандарды әбігерге салып отыр.
Осы ретте, ШҚО ТЖД төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында арнайы штаб құрды.
«Облыста 10 уақытша жылыту пункті жұмыс істеп тұр. 700-ден астам техника дайындалған. Халыққа қолайсыз ауа райы туралы СМС-хабарламалар және «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы ескертіп жатырмыз», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
ШҚО және Абай облысы бойынша дәл осы сәтте 10 жол жабық:
1. «Предгорное-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы»
2. «Герасимовка-Семей»
3. «Қалбатау-Қасым Қайсенов»
4. «Ушанов ауылы-Серебрянск қаласы» (20-00 04.01. 06-00 05.01 дейін)
5. «Тарғын-Самар»
6. «Абай облысы-Шемонаиха шекарасы»
7. «Шемонаиха-Секисовка»
8. «Шемонаиха-Үлкен Өзен»
9. «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» (5 қаңтар таңғы 06.00-ға дейін)
10. «Кеңсай-Тасбастау».
Фото: ortcom.kz