ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Самар тасжолында жүк көлігі жарылып, 2 адам қаза болды.
Фото: оқиға куәгерлерінен
Фото: оқиға куәгерлерінен
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, VOLVO маркалы жүк көлігі Самар ауданында тау-кен жұмыстарына қажетті жарылғыш заттарды тасып келе жатқан. Кенет Өскемен-Самар тасжолының 75-шақырымында сол заттар жарылып, көлік жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды.
Фото: оқиға куәгерлерінен
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері мен «жағдайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеуді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды», - делінген ақпаратта.
Фото: оқиға куәгерлеріненФото: оқиға куәгерлерінен
Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысында жол апатынан 4 адам мерт болғаны хабарланған.
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.