ШҚО-да жүк пойызы мен «ВАЗ» автомобилінің соқтығысуынан 1 адам қаза тапты

АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы  мен «ВАЗ» автомобилінің соқтығысуынан 1 адам қаза тапты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, оқиға кеше түнде Ұлан ауданына қарасты Шар-Өскемен реттелмейтін темір жол өткелінде орын алған. Жол-көлік апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмып, оның 42 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ, кеше түнде Маңғыстау облысының Шетпе-Жетібай авто жолының 40-шы шақырымында «Газель» мен «ВАЗ» көлігі соқтығысып қалған. Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.