«Уақытылы жалақы» акциясы барысында облыстық прокуратура мен Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы 2017 жылдың қаңтарынан мамырына дейін 445 тексеру жүргізді. Олардың нәтижесінде 272 ескерту беріліп, 197 әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 23,6 млн теңгені құрады. Осылайша, 260 млн теңге сомасында жалақы қарызы төленді». - деп атап өтті Б. Қизатов.
Ондай ұйымдардың арасында «Востокмашзавод» АҚ мен «Әділ» АҚ бар. Акция нәтижесінде олар жұмысшыларының алдындағы міндеттерін толықтай орындады, деді ШҚО бас меминспекторы.
19:30, 06 Маусым 2017
ШҚО-да жұмыс берушілер жалақы бойынша қарыз 260 млн теңгені төледі
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында «Уақытылы жалақы» акциясы аясында 260 млн теңге көлеміндегі қарыз толықтай өтелді. Бұл туралы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.