ШҚО-да жұмыс орнында шахтер қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «KAZ Minerals Тобының» жұмыс орнында денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген шахтер қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«27 тамызда сағат 21:00 шамасында «Шығыстүстімет» ЖШС Орлов өндірістік кешені Орлов шахтасының шпур бұрғылаушысы жұмыс кезінде есінен танып қалды. Қызметкерді Жезкент ауылдық ауруханасына жеткізгенде дәрігерлер оның қайтыс болғанын мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылған. 

«KAZ Minerals Тобының» басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады», - делінген хабарламада.