ШҚО сотының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2017 жылдың 21 шілдесінде Үржар ауылындағы «Казсельбурводстрой» ЖШС-нің үш жұмысшысы су құбыры жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жиналған белгісіз газдың салдарынан құдыққа түскен екі жұмысшы естерінен танып қалады. Сол сәтте көмек қолын созу мақсатында үшінші жұмысшы құтқармақ болып құдыққа түсіп бара жатып өзінің жайсыз сезінгенін байқап, дауыстап көмекке шақырған.
Осы уақытта жақын маңайда Үржар аудандық сотының қызметкерлері Бақытжан Қайназаров пен Бекзат Кұруыбаев кетіп бара жатқан. Көмекке шақырған жанның жан айқайына естіп, екеуі бірден көмекке жеткен.
Б. Құрымбаев көмекке шақырған жұмысшыға бірінші болып жетіп, алып шығып, қалғандарына көмек көрсетпек болып құдыққа түскен. Алайда улы газ салдарынан есінен танған. Осы уақытта Б. Қайназаровта қалғандарын құтқару мақсатында құдыққа түсіп есінен танған. Нәтижесінде 4 адам жедел жәрдем келгенше оқиға орынында естерін жимастан қаза тапқан.
Айта кетейік, 1989 жылы туылған Қайназаров Бақытжан Керімжанұлы 2016 жылдың 1 шілдесінен Үржар аудандық сотының көлік жүргізушісі қызметін атқарған. 1983 жылы туылған Кұрымбаев Бекзат Хамитұлы 2016 жылдың 25-ші шілдесінен Үржар аудандық сотында қызметкер.