ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері 50-ден астам жүргізушіге көлікті уақытша тіркеу туралы кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірдегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары демалыс күндері тек шетелдік нөмірі бар автокөлік жүргізушілерінің мәселелері бойынша жұмыс істеуде.
1-2 ақпанда Өскемен қаласындағы арнайы ХҚО-да тәртіп сақшылары ЕАЭО елдерінен әкелінетін көлік құралдарын уақытша тіркеу туралы кеңес берді.
«Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері мен мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері көлікті уақытша немесе тұрақты тіркеуге қалай қою керектігін түсіндірді. 2 күн ішінде 50-ден астам адамға кеңес берілді», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.