ШҚО-да жүйке ауруына шалдыққан әйел 2 баласын балконнан лақтырып жіберген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 1, 3, 14-тармақтарында көрсетілген қылмыстық заңмен тыйым салынған қоғамға қауіпті әрекетті жасағанына байланысты С.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Жүйке ауруының елестеушілік және сандырақ түрлері асқынған күйінде болған С. ұйқыда жатқан балаларын оятып, оларды үйдің балконға апарған. Сол жерде өзінің кішкентай қызын қолынан ұстап 4-қабатта орналасқан бөлмесінің балконынан жерге қарай лақтырып жіберген, осыдан соң С. 4 жасар ұлын да дәл осы тәсілмен лақтырып жіберген. Жасөспірімдер дер кезінде оларға көрсетілген білікті медициналық көмек көрсетілуіне орай тірі қалған.

Әйел балалары қаза болды деген сенім үстінде өзі де балконнан жерге секірген, алайда алған жарақаттары өмірге қауіпсіз болғандықтан, тірі қалған.

Сот қаулысымен С. жалпы типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп медициналық шара қолдану тәртібінде жіберілетін болып табылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.