ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданында өрт сөндірушілер Бунтовский көшесіндегі жеке тұрған дүкеннен шыққан қызыл жалынды ауыздықтады. Жалын шарпыған жалпы аудан 20 шаршы метрді құраған. Өрттің шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін.
«Жыл басынан бері облыстың сауда нысандарында 17 өрт болды. Департамент мамандарымен өрт-техникалық тексеру жүргізу кезінде 11 сауда объектісінде 50-ге жуық бұзушылық анықталған. Сол үшін 7 адам жауапқа тартылды», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Бұзушылықтар көбінесе – электр сымдарындағы ақауларға, электр жабдықтарының апаттық режиміне, өрт сөндіру құралдарының қажетті мөлшерде болмауына және автоматты өрт дабылының ақауына қатысты болып отыр.