ШҚО-да жыл қорытындысы бойынша экономиканың негізгі көрсеткіштері орындалды - облыстық мәслихаттың сессиясы
Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық мәслихаттың сессиясында жасаған есепті баяндамасында айтылды.
Ол сонымен қатар, өткен жылға қарағанда биыл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі - 0,8 пайыз, ауыл шаруашылығы 36 пайыз өсіммен қамтамасыз етілетінін, ағымдағы жылғы негізгі капиталға тартылатын инвестициялар, көлік қызметтері және тауар айналымы өткен жылғы деңгейде қалатынын атады.
Резервтерді іздестіру бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бюджетке қосымша 2,8 млрд. теңге түсті, облыс бюджетіне қосымша 41,5 млрд. теңге жинауға мүмкіндік берді.
Қосымша түсімдер мүліктерді қайта бағалау есебінен қамтамасыз етілді - 1 315,1 млн. теңге, еңбекақы төлеу қорын арттыру бойынша іс-шаралар жүргізуден - 713,5 млн. теңге, «Жол картасы» бағдарламасын іске асырудан - 236,9 млн. теңге.
Сонымен қатар, санитарлық-қорғау өңірін ресімдеу есебінен - 57,7 млн. теңге, біржолғы талондар бойынша - 36,3 млн. теңге, көлік құралдарының санын тексеруден - 45,1 млн. теңге, жер телімдерін сатудан - 300,2 млн. теңге түсті.