ШҚО-да жылқы іздеп жүріп боранда адасып кеткен ер адам табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында жылқы іздеуге кетіп, боранда адасып кеткен ер адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 желтоқсанда сағат 08-00-де Зайсан ауданы Қарасай ауылында үйден жылқы іздеуге шыққан 21 жастағы сол күйі жігіт жоғалып кеткен.

«Хабар түсе салысымен құтқарушылар, полицейлер және жергілікті атқарушы орган өкілдері ер адамды іздеуге аттанды. Ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда аяз бен боранға қарамастан іздестіру жұмыстарына 11 адам мен 2 техника тартылған. Абырой болғанда, 14 желтоқсанда түнгі сағат 01:00-де адасып кеткен азамат аман-есен табылды», - делінген ақпаратта.

Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.


Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі