ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жылқыны көлік қағып кетіп, екі адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 қыркүйек күні кешкі сағат 21:30 шамасында «Өскемен-Самар» тасжолының 56-шақырымында Lada Largus автокөлігін жүргізіп келе жатқан 44 жастағы жүргізуші 1,5 жасар құнанды қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның әйелі түрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ көлік иесіне материалдық залал келді» деп хабарлады ведомство өкілдері.
Малды қараусыз жайғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 408-бабы бойынша жылқы иесіне хаттама толтырылды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.