ШҚО-дағы 14 мәслихатқа 190-нан астам депутат сайланады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында 29 қарашада мәслихаттардың 192 депутаты сайланады.

فوتو: مۋحتور حولدوربەكوۆ / Kazinform

Өңірде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға дайындық басталды. Аймақтағы 14 мәслихатқа барлығы 192 депутат сайлануы тиіс.

Сайлау науқанын ұйымдастыруға 14 аумақтық, 173 округтік және 534 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылады. Олардың құрамында жалпы саны 4 655 адам жұмыс істейді.

- Өскеменде өткен облыстық сайлау комиссиясының кезектен тыс отырысында сайлау науқанының күнтізбелік жоспары, комиссиялардың құрамы мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратты жариялау мәселелері қаралды. Сондай-ақ тұрғындарды дауыс беру орны мен уақыты туралы хабардар ету, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту мәселелері талқыланды, - деп хабарлады сайлау комиссиясынан.

Айта кетейік, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді.

Еске салсақ, осыған дейін мәслихат сайлауын өткізуге Үкімет резервінен қаржы бөлінетіндігі хабарланған.