Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қалған 72 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан қайта өтуге мәжбүр болған.
— Бұған оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келмеуі, педагог кадрлардың тапшылығы, білім беру процесін ұйымдастырудағы кемшіліктер және жекелеген мұғалімдердің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі негізгі себеп болды, — делінген хабарламада.
Осыған ұқсас жағдай мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында да тіркелді. Мемлекеттік аттестаттаудан өткен 33 балабақшаның тек екеуі ғана алғашқы реттен талаптарға толық сәйкес келді. Қалған балабақшаларда анықталған кемшіліктерді жою үшін уақыт берілді.
Жүргізілген түзету жұмыстарының нәтижесінде 66 мектеп пен 20 балабақша мемлекеттік аттестаттаудан қайта өтіп, талаптарға сай екендігін растады. Ал үш жекеменшік мектепке дейінгі ұйым 2026 жылдың екінші жартыжылдығына дейін профилактикалық бақылауда болады.
Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында білім беру ұйымдары үшін жеке іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, мектеп директорлары мен педагогтер мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптары бойынша қосымша оқытудан өтті.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда мектеп медицинасының жаңа стандарты енгізілетіндігі хабарланған.