Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 9 мамыр күні жөндеу жұмыстары кезінде болған.
– Шаң-сору және желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, көз жұмды, - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
– Компания қаза болған қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі, - деп мәлімдеді «Востокцветмет» ЖШС өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам зардап шеккені хабарланған болатын.