Ұзақ уақыт бойы білім беру мекемесінің 18 қызметкері үшін жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар төленбеген.
Жалпы алғанда, балабақша меңгерушісі мен есепшісінің шоттарына 42 млн теңгеден астам қаражат заңсыз аударылған.
Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Осыған дейін Жамбыл облысында 108 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталғаны туралы жаздық.