ШҚО-дағы Бұқтырма өзенінде бірнеше жарылыс жасалды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында жасанды жолмен қар көшкіні түсіріліп, Бұқтырма өзенінде жарылыс жасалды.
Катонқарағай ауданында қар көшкінінің түсуіне жол бермеу үшін тау беткейлерінде жарылыс жасалды. Сондай-ақ Бұқтырма өзенінде де мұз кептелмес үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді.
- «Согорное-Барлық» тасжолының бойында барлығы 4770 текше метр қар түсірілді. Қар жолды толықтай жауып қалды. Көп ұзамай қар тазартылып, жол қайта ашылды. Ал Бұқтырма өзенінің Сенное ауылының маңындағы тұсында үнемі мұз кептеліп, жағалауды су басатын. Соған байланысты мамандар 10 мыңға жуық шаршы метр аумақта мұзды ұсақтады, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілгені хабарланған.